Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 25-27 қаңтарда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның көп бөлігі жауын-шашын мол болатын оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттар ықпалында болады, солтүстік өңірлерде қар түрінде, оңтүстік өңірлерде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Боран мен жел күшейеді, Оңтүстіктің таулы аймақтарында қалың қар, көктайғақ, тұман болады. Республиканың батыс жартысында ғана Батыс антициклоны басым болады, аязды ауа райы сақталады.

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Елдің басым бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 8-13 градусқа дейін, таулы аудандарда 18-23 градус аяз, күндіз 2-7 градусқа дейін, таулы аудандарда 10-15 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow