Қаратау қаласының әкімі — алғыс арқалаған азамат

Қаратау қаласының әкімі — алғыс арқалаған азамат

«Жігіттің жақсылығын жұрты біледі» демекші, Талас ауданы, Қаратау қаласының әкімі  Баймбетов Дархан Тобашұлы – аз уақыттың ішінде көптеген игі істерге мұрындық болып, қайырымдылық жасап, алғыс арқалап жүрген азамат.

Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайтыны рас. Дархан Тобашұлы тек қана әкімдік міндетін атқарып қана қоймай, тұрмыс жағдайлары нашар жан-ұяларға қарайласуды кісілік парызы санайды.

«Адамның күні – адаммен» деген, қаншама уақыт табиғи газдың жоқтығын сылтауратпай өмірді өз бетінше сүруді жалғастырып жатқан анамызға қала әкімі Дархан Тобашұлы қолдау білдіріп, ананың ақ батасын алды.

Жақын күндері  Қаратау қаласында жақын туысқандарымның үйіне барғанымда осы орын алған ізгі істі есітіп, Дарханды бұрыннан танығандықтан оның  артық мақтау ұнамайтынын білсем де бұл жолы жасаған игі ісін жазуды жөн санадым.

Бұған дейін де көптеген ірілі ұсақты ізгі амалдарын жазбауды айтып, жарыққа шығармаған болатынмын.

Нақтырақ айтсақ: Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны. Зейнеткер, жалғызбасты ана Керімбаева Нұргүл Солтыбайқызының көпжылдан бері жөндеу көрмеген пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп беріпті.

Қала әкімі тарапынан жөндеу жұмыстары (оның ішінде линолеум төселіп, кіре беріс қабырғасына леонардо тартылды) жасалып, орталық табиғи газ жүйесіне қосылыпты. 

Бұл жайлы Қаратау қаласында қонақта болғанымда айтқан қайынапамның сөздерінен соң, Дархандай құрдасымның дархандылығына, атына заты сай азамат екендігіне тәнті болдым.

Қарт анамыздың қолдау білдірген және сол жолда қызмет еткен жандарға айтар алғысы шексіз екендігін де жеткізген апкемнің сөздеріне қосылып, осындай азаматтар көп болғай деп ой түйдім.

 

Дариха Үмбетиярова, журналист

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow